ANCOR
ANCOR – 2007 жылдан бері Орталық Азияда бизнес жүргізіп келе жатқан стаффингтік компания. ANCOR клиенттерге аутстаффинг, уақытша қызметкерлерді ұсыну, бизнес-процестердің аутсорсингі, рекрутмент және консалтинг саласындағы шешімдерді ұсынады, Қазақстанда, Өзбекстанда, Грузияда, Арменияда, Әзірбайжанда, Моңғолия, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Тәжікстанда кадр саласы үшін сандық өнімдер мен шешімдерді жеткізуші болып табылады.
Компанияның бас офисі Алматы қаласында (Қазақстан) орналасқан. Компанияның офистері сондай-ақ Астана және Ақтөбе қалаларында да орналасқан.
2023 жылы ANCOR-ң Қазақстандағы айналымы 14,5 млрд теңгеден асты. 300-ден астам компания жыл сайын ANCOR қызметтерін пайдаланады. 5000-нан астам кандидат ANCOR-мен тұрақты және уақытша жұмыс тапты.
2014 және 2019 жылдары ANCOR адам капиталын дамыту саласындағы Қазақстанның еуропалық бизнес-қауымдастықтарының EUROBAK CSR AWARD марапатына ие болды.
2018 жылы ANCOR Қазақстандағы Ұлттық бизнес-рейтинг Ұйымдастыру комитетінің нұсқасы бойынша «Мемлекет бюджетіне қосқан үлесі үшін» жетекші атанды.
ANCOR халықаралық стаффинг тобына кіреді. Staffing Industry Analysts агенттігінің деректері бойынша ANCOR кәсіби рекрутменттен түсетін түсім бойынша әлемдегі жетекші 50 компанияның тізіміне енді.
-
15+жыл тәжірибе
-
13,5+ млрд тенге
2023 жылғы пайда -
50+қызметкер
-
300 000үміткер деректер базасында
-
5 000+жылына еңбекпен қамтылған адам
-
300+клиент компания
Жетекшілік — ішкі қажеттілік, біз атқаратын барлық істе нөмірі 1-болу ниеті әрі уәжі.
Нәтижелілік — белгіленген жағдайда максималды нәтижеге қолжеткізуді көздеу.
Ынтымақтастық — компанияда сыйластық пен сенім қағидаларына негізделген жалпы климат пен қабылданған іс-әрекет нысаны. Біз үшін әрбір адамның құндылығы мен пікірі маңызды.