Дербес деректерді өңдеу

    Ізденушілер (үміткерлер) мен сайтқа кірушілердің дербес деректерін өңдеуге қатысты жеке саясат

    Жеке тұлғалардың дербес деректерін қорғаудың АНКОР ПЕРСОНАЛ Орталық Азия» ЖШС (бұдан әрі – АНКОР, біз) үшін маңызы зор. «Ізденушілер (үміткерлер) мен сайтқа кірушілердің дербес деректерін өңдеуге қатысты жеке саясат» (бұдан әрі – Саясат) құжаты вакансияны ізденушілерге біздің қызметтерімізді көрсету үшін және сайтқа кірушілермен өзара әрекеттесу үшін қандай ақпарат жинайтынымызды, және бұл ақпараттың қалай өңделетінін егжей-тегжейлі сипаттайды. 

    АНКОР ізденушілердің (үміткерлердің) және сайтқа кірушілердің дербес деректерін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 21.05.2013 ж. № 94-V Заңының 9-бабына сәйкес, дербес деректерді өңдеуге келісімнің негізінде өңдейді. 

    Дербес деректердің операторы ретінде біз дербес деректерді барынша толық қорғауды қамтамасыз ету үшін көптеген техникалық және ұйымдастыру шараларын іске асырдық. Дегенмен де, егер Сіз өз дербес деректеріңізді Интернет арқылы жіберуді қаласаңыз, Сіз баламалы тәсілдерді (мысалы, АНКОР кеңсесінің өзінде) таңдай аласыз. 

    • Біз кімбіз және бізбен қалай байланыса аласыз

      «АНКОР ПЕРСОНАЛ Орталық Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      Заңды мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көш., 115

      Нақты мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көш., 115, «Қайсар Плаза» БО, 6-қабат

      Телефон: +7 (495) 926-41-00

      E-mail: info@ancor.kz

      Веб-сайт: www.ancor.kz

      Деректерді өңдеу және қорғау үшін жауапты: 

      Муслаев Сергей

      Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көш., 115, «Қайсар Плаза» БО, 6-қабат

      E-mail: privacy@ancor.kz

    • Дербес деректерді өңдеу қағидаттары

      Дербес деректерді өңдеу кезінде АНКОР келесі қағидаттарды ұсынады:

      • дербес деректерді өңдеуді тек қана заңды және әділ негізде жүзеге асырады;
      • дербес деректерді өңдеуді (соның ішінде жинауды) бастағанға дейін нақты заңды мақсаттарды анықтайды;
      • өңдеудің мәлімделген мақсаты үшін қажетті және жеткілікті болып табылатын дербес деректерді ғана жинайды;
      • нақты, алдын ала анықталған және заңды мақсаттарға жеткен кезде дербес деректерді өңдеуді шектейді; 
      • өңдеу мақсаттарына жеткен соң немесе мақсаттарға жетуге қажеттілік жойылған кезде (егер деректер субъектісімен жасалған шартта немесе келісімде, болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе) дербес деректерді жоюды жүзеге асырады.
    • АНКОР-ғы дербес деректерді өңдеу шарттары және тәсілдері

      АНКОР-да дербес деректерді өңдеу тек қана тиісті құқықтық негіз болғанда: егер Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, субъектінің оның дербес деректерін өңдеуге келісімімен жүзеге асырылады. 

      АНКОР-да сайта кірушілердің және ізденушілердің (үміткерлердің) биометриялық дербес деректерін өңдеу жүргізілмейді. 

      Дербес деректерді оларды қорғау қамтамасыз етілмейтін мемлекеттерге трансшекаралық жіберген жағдайда ол деректер дербес деректердің келісімінің негізінде беріледі.  

      АНКОР дербес деректерді көпшілікке қолжетімді дереккөздерде дербес деректер субъектісінің алдын ала жеке келісімінсіз орналастырмайды. 

      АНКОР дербес деректерді тиісті құқықтық негіз болмаған жағдайда ашпайды, үшінші тұлғаларға бермейді және таратпайды. Дербес деректер субъектілерінің дербес деректері жіберілген жағдайда АНКОР-ң үшінші тұлғалары міндетті түрде беріліп жатқан мәліметтердің құпиялылығы туралы хабардар етіледі. 

      Дербес деректерді өңдеуді АНКОР-имен жасалған шарттың негізінде жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дербес деректерді өңдеу және қорғау қағидаттары мен ережелерін сақтауға міндеттенеді. Шартта әрбір үшінші тұлға үшін дербес деректерді өңдеу кезінде олардың құпиялылығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті белгіленеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделетін дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптар көрсетіледі. 

      АНКОР дербес деректерді өңдеуді басқа тұлғаға тапсырған жағдайда дербес деректер субъектісінің алдындағы көрсетілген тұлғаның жауапкершілігін АНКОР көтереді. Дербес деректерді өңдеуді дербес деректер Операторы ретіндегі АНКОР-ң тапсырмасы бойынша жүзеге асыратын тұлға АНКОР-ң алдында жауапкершілік көтереді. 

      АНКОР дербес деректерді өңдеуді келесі тәсілдермен жүзеге асырады: 

      • автоматтандыру құралдарын пайдалану, соның ішінде ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдарды, оған қоса есептеу техникасы құралдарын, ақпараттық-техникалық кешендер мен желілерді, ақпарат жіберу құралдары мен жүйелерін пайдалану, дербес деректерді қабылдау және өңдеу, бағдарламалық құралдарды (операциялық жүйелерді, базаларды басқару жүйелерін және т.б.), ақпараттық жүйелерде қолданылатын ақпарат қорғау құралдарын пайдалану арқылы;  
      • автоматтандыру құралдарын пайдаланусыз.
    • Personal data processed by ANCOR, grounds for processing, purposes of processing and processing deadlines
      Өңдеу мақсаты Өңделетін деректер Құқықтық негіз Сақтау мерзімі
      Жұмысқа тұруға немесе ықтимал жұмыс берушімен басқа ынтымақтастық түрін, туындап жатқан мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпараттандыруды, жұмысқа тұру немесе басқа жұмысбастылық мақсатында алдын ала сұхбаттасуды, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың негізінде, сондай-ақ АНКОР-ң адами ресурстарды басқарумен және еңбек нарығын талдаумен байланысты қызметті жүзеге асыруы мақсатында қызмет көрсетуді/жұмыстарды орындауды ұйымдастыруға қолдау көрсету 

      Ізденушілер (үміткерлер):

      Тегі, аты және әкесінің аты; фотосуреті; байланыс телефоны; электрондық пошта мекенжайы; туған күні; азаматтығы; тұратын қаласы және ауданы; әлеуметтік желілердегі жеке Интернет-парақшаның мекенжайы; көшуге және іссапарларға дайындығы; отбасылық жағдайы; жұмыс тәжірибесі; білімі туралы мәліметтер; бұрынғы жұмыс орындары туралы мәліметтер; компьютерді меңгеру деңгейі; шет тілдерін меңгеру деңгейі; күтетін жалақысы; Қоғам қызметкерінің енгізетін бағалау сипаттамалары; сіздің өз түйіндемеңізге қосатын басқа да ДД; алдыңғы жұмыс орындарынан алынған ұсынымдар 

      Ізденушінің (үміткердің) деректерді өңдеуге келісімі Деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін
      Маркетингтің материалдарды жіберу және әлеуметтік сұрақ-жауаптарды жүргізу 

      Ізденушілер:

      Электрондық пошта мекенжайы; ІР-мекенжайы; жынысы; жастық санаты; білім деңгейі; сұрақ-жауап жүргізу кезінде еңбек қатынастарының болуы туралы мәліметтер; жұмыс орнының саласы; кәсіби мамандануы; 

      мекендеу өңірі; нақты әлеуметтік сұрақ-жауаптар шегінде жиналатын басқа деректер

      Ізденушінің деректерді өңдеуге келісімі  Деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу кезіне дейін 
      Шектелмеген адамдар тобын АНКОР-ң қызметі туралы ақпаратпен таныстыру
        Сайтқа кірушілер:
      • cookie-файлдар;
      • IP-мекенжайлар;
      • басқа да автоматты түрде жиналатын деректер, атап айтқанда:
        • URL парақшалар; 
        • парақша реферері;
        • парақша тақырыбы;
        • браузер және оның нұсқасы;
        • операциялық жүйе және оның нұсқасы;
        • құрылғы моделі;
        • вэкранның биіктігі және ені;
        • кірушінің cookies және JavaScript (ECMAScript) қосылған-қосылмағаны туралы мәліметтер;
        • JavaScript-оқиғалар (кірушінің сайтпен өзара әрекеттесуін ескеру, соның ішінде сайтта  JavaScript API әдістерін пайдалану, мысалы, нысанды, скроллинг парақшаны жіберу);
        • сағаттық белдеу;
        • браузер тілі;
        • экран түсінің тереңдігі;
        • браузер терезесінің клиенттік бөлігінің ені және биіктігі;
        • сайтқа кірушілердің жынысы, жасы және мүдделері;
        • географиялық деректер;
        • o парақшаны жүктеу параметрлері (мысалы, суреттеуге дейінгі уақыт және сервер жауабының уақыты);
        • қарап шыққан парақшалар және кірген парақшалар, сыртқы сілтемелер бойынша ауысулар, файлдарды жүктеп алу, бас тарту, сайтта өткізілген уақыт және көру тереңдігі туралы деректер 
      Сайтқа кірушінің деректерді өңдеуге келісімі
      • Cookie-файлдар –cookie файлдарына қатысты саясатқа
      • сәйкес; басқа деректер – деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
      Сайтқа кірушінің кері байланысы (соның ішінде кері пікірлерді жариялау) 
        Сайтқа кірушілер (соның ішінде ізденушілер және клиенттердің өкілдері):
      • тегі мен аты;
      • жұмыс орны (компанияның атауы);
      • байланыс телефоны;
      • электрондық пошта мекенжайы;
      • сіздің өз пікіріңізге өз бетіңізше қосатын басқа ДД 
      Сайтқа кірушінің деректерді өңдеуге келісімі Деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін 
      Жіберілімге (вакансиялар, жаңалықтар) жазылу 
        Сайтқа кірушілер:
      • аты;
      • электрондық пошта мекенжайы
      Сайтқа кірушінің деректерді өңдеуге келісімі Деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
    • Дербес деректер көзі

      Ізденушілердің (үміткерлердің) дербес деректерін АНКОР тікелей өзіңізден, сіздің мүддеңізде әрекет ететін өкіліңізден, немесе сайттарды пайдалану шарттарына сәйкес сіздің өз түйіндемеңізді орналастырған жұмыс сайттарыңыздан алуы мүмкін. 

      Сайтқа кірушілердің дербес деректерін АНКОР тікелей өзіңізден, сіздің мүддеңізде әрекет ететін өкіліңізден, немесе сайтқа кіру үшін сіздің қолданатын құрылғыларыңыздан алуы мүмкін.

    • Ізденушілердің (үміткерлердің) және сайтқа кірушілердің деректерін АНКОР беруі мүмкін дербес деректерді алушылар
      • АНКОР клиенттері – әлеуметті жұмыс берушілер, 
      • АНКОР-ң тұлғалар тобы (Қазақстан Республикасының 25.12.2008 ж. №112-IV Заңының 7-бабында анықталған тұлғалар тобы ұғымының мағынасында).

      Жіберу мақсаты: ізденушіге жұмысқа тұруға немесе ықтимал жұмыс берушімен басқа ынтымақтастық түрін ұйымдастыруға қолдау көрсету. 

      • «ТимСервис» ЖШҚ (111024, Мәскеу қ., Энтузиастар ш., 21-үй, 2-құр.), 
      • «Гелиософт» ЖШҚ (115280, Мәскеу қ., Ленинская Слобода көш., 19).

      Жіберу мақсаты: АНКОР ақпараттық жүйелерін қолдау.

    • Дербес деректерді қорғау

      АНКОР-да оның басқарушылық және өндірістік қызметінің барысында дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы іске асырылды. 

      Дербес деректерді қорғау үшін АНКОР-да келесі шаралар белгіленген:

      • дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаны тағайындау; 
      • дербес деректерді өңдеу және қорғау мәселелері бойынша локалдық актілерді әзірлеу және бекіту; 
      • ақпаратты қорғау құралдарын қолдану;
      • дербес деректердің материалдық тасымалдағыштарының есебін жүргізу;
      • дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін табу және осы сияқты оқыс оқиғаларды бұдан әрі болдырмау шараларын қабылдау; 
      • дербес деректерді рұқсатсыз пайдаланудың салдарынан жаңартылған немесе жойылған дербес деректерді қалпына келтіру; 
      • ақпараттық жүйелерде өңделетін дербес деректерге қол жеткізу ережелерін белгілеу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде дербес деректермен жасалатын барлық іс-әрекеттерді тіркеуді және есебін жүргізуді қамтамасыз ету; 
      • дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларды және ақпараттық жүйелердің қорғалғандық деңгейін бақылау; 
      • дербес деректердің материалдық тасымалдағыштарына рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын және дербес деректердің сақталуын қамтамасыз ететін шарттарды сақтау; 
      • дербес деректерді өңдеуді тікелей жүзеге асыратын АНКОР қызметкерлерін дербес деректер туралы заңнама ережелерімен, соның ішінде дербес деректерді қорғауға қойылатын талаптармен, дербес деректерді өңдеу және қорғау мәселелері бойынша локалдық актілермен таныстыру;
      • дербес деректері бар ақпаратты жою тәртібін ұйымдастыру;
      • қауіптердің немесе дербес деректерді жоғалту қаупінің алдын алу бойынша АНКОР қызметкерлерімен түсіндіру жұмысын жүргізу; 
      • АНКОР-да өткізу режимін ұйымдастыру;
      • АНКОР аумақтарын, ғимараттарын, орынжайларын күзету тәртібін ұйымдастыру. 
    • АНКОР-ң дербес деректер операторы ретіндегі құқықтары және міндеттері

      АНКОР құқылы:

      • Қазақстан Республикасының заңнамасында (салықтық, құқық қорғау органдарында және т.б.) көзделген болса, дербес деректерді мемлекеттік және басқа да уәкілетті органдарға ұсынуға; 
      • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда дербес деректерді беруден бас тартуға; 
      • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда субъектінің келісімінсіз оның дербес деректерін өңдеуге. 

      АНКОР міндетті:

      • дербес деректер субъектілеріне олардың өтініші бойынша олардың дербес деректерін өңдеуге қатысты ақпаратты ұсынуға; 
      • дербес деректерді дербес деректер субъектісінен алмаған жағдайда дербес деректер субъектісінің сұратуы бойынша келесі ақпаратты алуға:
        1. дербес деректерді жинау және өңдеу фактісінің растамасын;
        2. дербес деректер тізбесін;
        3. дербес деректерді өңдеу мерзімдерін (соның ішінде оларды сақтау мерзімдерін);
      • дербес деректерді Қазақстан Республикасының аумағында сақталатын базада, соның ішінде үшінші тұлғаның сақтауын қамтамасыз ету.
    • Дербес деректер субъектісінің құқықтары

      Егер АНКОР сіздің деректеріңізді дербес деректерді өңдеуге келісіміңіздің1 негізінде өңдесе, сіз оны кез келген уақытта кері қайтарып ала аласыз.

      Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты ақпарат алуға2 , оларды нақтылауға немесе жоюға3 , АНКОР әрекеттеріне шағым түсіруге4 және пзиянның өтемақысын алуға және оның өтелуіне.құқығыңыз бар.

      Өз құқықтарыңызды пайдалану үшін бізбен байланысуыңызды сұраймыз.

    • Осы Саясатты өзгерту
      Біздің дербес деректерді өңдеу үдерістерінде жасауымыз мүмкін өзгерістерімізді көрсету мақсатымен  Саясатқа кей-кейде өзгертулер енгізілуі мүмкін. Біз осы Саясатқа енгізілетін кез келген өзгертулер туралы сізге хабарлап тұрамыз. Тиісті хабарламалар сайтта (мысалы қалқыма терезе немесе баннер арқылы) мұндай өзгертулер күшіне енгенге дейін көрсетілуі немесе басқа барлық байланыс арналары (мысалы, егер Сіз бізге байланыс деректерін берген болсаңыз, электрондық пошта арқылы) бойынша жіберілуі мүмкін. 

      Соңғы өзгерту күні және осы нұсқау Саясаттың бас жағында көрсетілген. 
    • 1-қосымша. Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алудың нысаны

      Мен,
      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ,

      (аты-жөні)


      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _,

      (ізденушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, немесе ізденушіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа мәліметтер, мысалы, туған күні, электрондық поштасы, ұялы телефоны)


      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _


      «АНКОР ПЕРСОНАЛ Орталық Азия» ЖШС-нен (заңды мекенжайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115) және оның тұлғалар тобынан  менің (қажеттісінің астын сызу) үшін ұсынған дербес деректерімді өңдеуге келісімімді кері қайтарып аламын:

      • жұмысқа тұруға немесе ықтимал жұмыс берушімен басқа ынтымақтастық түрін ұйымдастыруға қолдау көрсету, туындап жатқан мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру, жұмысқа тұру немесе басқа жұмысбастылық мақсатымен алдын ала сұхбат жүргізу, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттың негізінде, сондай-ақ адами ресурстарды басқарумен байланысты қызметті АНКОР-ң жүзеге асыруы және еңбек нарығын талдау мақсатымен қызмет көрсету/жұмыстарды орындау; 
      • маркетингтің материалдарды жөнелту және әлеуметтік сұрақ-жауаптарды жүргізу;
      • АНКОР-ң кері байланысын сайтта ұсыну (соның ішінде кері қайтарып алуды жариялау); 
      • жөнелтуге жазылу (вакансияларды, жаңалықтарды)
      • басқа: 

      Менің дербес деректерімді өңдеуді тоқтатуды сұраймын.


      signature: _ _ _ _ _ _ _ _ _ /

      Full name: _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ /

      Date: _ _ _ _ _ _ _ _ _ /


    Бізге жазыңыздар
    Сұрақтарыңыз бар ма?
    ANCOR Corporate Websites
    Загрузка...
    Хочу в ANCOR!
    Загрузка...
    Заявка на услугу
    Загрузка...
    Logo ANCOR
    Загрузка...
    Logo ANCOR
    Загрузка...
    Logo ANCOR
    Загрузка...