Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
ANCOR корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі — бұл табысты бизнесті негізгі жалпыадамзаттық құндылықтармен және ұлттық даму басымдықтарымен үйлесімді біріктіруге мүмкіндік беретін компанияның ұзақ мерзімді және тұрақты даму философиясы.
ANCOR-дің бизнесті жүргізуге әлеуметтік жауапты көзқарасы келесілерді көздейді:
- жоғары кәсібилік және ANCOR белсенді ұстанымы негізінде сапалы қызметтер көрсету;
- адамның құндылығы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- қызметкерлердің уақытша жұмыспен қамтылу қажеттілігін қамтамасыз ету;
- қолданыстағы заңнаманы сақтау;
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам әлеуетін дамытуға инвестициялау;
- мүдделі тараптардың үміттері мен пікірлерін есепке алу, этика талаптарының негізінде олармен адал және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға жүйелі көзқарас;
- ANCOR бар елдерде өзара тиімді әлеуметтік серіктестіктер құру арқылы жергілікті қоғамдастықтардың дамуына үлес қосу.