Компанияның EVP (Employer Value Proposition) – жұмыс беруші компания қызметкерлерге ұсынатын материалдық және материалдық емес артықшылықтар жиынтығы. EVP жұмыс беруші брендінің негізін құрайды.
Тартымды, сондай-ақ HR стратегиясына сәйкес EVP құру үш сұраққа жауап беруден басталады:
-
Біріншісі: қазіргі және әлеуетті қызметкерлеріңіз үшін не маңызды? Олардың қандай бенефиттер жиынтығын алғысы келер еді?
Екіншісі: негізгі бәсекелестер үміткерлерге не ұсынады? Олардың EVP қандай?
Үшіншісі: біз жұмыс беруші ретінде қызметкерлерге қазір не ұсынамыз? Бұл ұсыныс персоналдың әртүрлі санаттары үшін бірдей ме? Егер жоқ болса, қандай айырмашылықтары бар?
Алынған жауаптар негізінде біз сіздің компанияңыздың шындыққа сәйкес келетін, аудитория үшін өзекті және бәсекелестердің фонында тартымды болатын EVP қалыптастырамыз.
Тапсырманың шеңберінде біз ішкі және сыртқы мақсатты аудиторияларды зерттейміз: маңызды инсайттарды, драйверлер мен кедергілерді анықтаймыз, мақсатты аудиторияның әрбір сегменті үшін чемпион брендтіің портретін жасаймыз.
Әдетте, EVP қалыптастыру жұмыс берушінің брендін әзірлеу бойынша кешенді жобаның бөлігі болып табылады.
EVP әзірлеудің орташа мерзімі: 2-3 ай.