Сауда маркетингінің аутсорсингі – өнімді жылжыту, сату және марткетинг жасау функцияларын сыртқы орындаушыға ішінара немесе толық беру.
Жобалық тәсіл
Шешімді әзірлеу: клиенттік KPI мен сервистік KPI синхрондау, инфрақұрылымды басқару
Персоналды іріктеу: бейіндерді қалыптастыру, персоналды іріктеу рәсімі мен KPI әзірлеу
Оқыту және дамыту: құзыреттіктерге негізделген оқыту және дамыту жүйесін құру
Сауда өкілдерін бақылау және есеп беру
Персоналды ынталандыру және бағалау: ынталандыру схемалары мен мансаптық бағдарларды әзірлеу, енгізу, жаңарту
Тиімділікті басқару: жоба жұмысының сапасын басқару
Далалық персоналды оқыту
Оқуға тәулік бойы қолжетімділік
Бейнелер мен вебинарларды жүктеп салу мүмкіндігі
Онлайн форматтағы теориялық блоктар
Ақпаратты жедел жаңарту
Қызметкерді оқытудың жеке жолы
Білім берудің рейтингтік жүйесі
Дәрежелеу және мансап жолдарын құру
Дағдыларды тұрақты жаттықтыру
Оқыту процесіндегі жаттықтырушылардың кері байланысы
Геймификация
Сауда функцияларының аутсорсинг түрлері:
Әлеуметтік желілерде және онлайн алаңдарда өнімді жылжыту
Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде өнімді жылжыту – бұл брендтің танымалдылығын және сауда таңбасы мен өнімге деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған шаралар кешені. Біздің мамандар әлеуметтік желілер мен басқа онлайн алаңдардағы әлеуетті және белсенді сатып алушылардың жазған ойларын, пікірлерін және сұрауларын өңдейді.
Клиенттің өнімдері мен қызметтерін сауда орындарында жылжыту
ANCOR мамандары кез келген елді мекенде клиенттің тиісті қызметтері мен өнімдері туралы промо материалдарды орналастыруға, тапсырыс берушінің жарнамалық үлгілерін сауда нүктелерінде тестілеуге дайын. Сондай-ақ, біздің сауда маркетингі саласындағы сараптамамыз клиенттің бренді мен өнімдерін жылжытудың кешенді жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Пікір көшбасшылары арқылы өнімдерді жылжыту
Пікір көшбасшыларының атынан біз өнімнің артықшылықтары, құны мен қолдану тәсілдері, өндіріс ерекшеліктері, бренд тарихы және т.б. туралы айтамыз. Біз мақсатты аудиторияны клиентпен келісеміз, онлайн қауымдастықтарда жарнамалық науқандарды әзірлеп, жүзеге асырамыз.
Телемаркетинг
Телемаркетинг қызметі (өнімі бойынша телефонмен кеңес беру) – тұтынушыны тапсырыс берушінің өнімдері туралы ақпараттандыру, сатылымды арттыруға және өнімді, сауда таңбасы мен брендті жылжытуға көмектесу үшін әзірленген, тексерілген, дәйекті және тиімді коммуникация. Біз қызметкерлерді жұмыс орындарымен, құрал-жабдықтармен және қажетті бағдарламалармен қамтамасыз етеміз, ауысымдар кестесін жасап, жүктемені бөлеміз, берілген тапсырмалардың орындалуының тиімділігін қадағалаймыз.
Іс-шаралар өткізу
Біз жарнамалық акцияның тұжырымдамасын, жоспарын, бюджетін және сценарийін әзірлейміз және клиентпен келісеміз, мердігерлермен өзара әрекеттесу деген қамқорлық жасаймыз, тапсырыс берушінің барлық аймақтық жобаларын басқарамыз, болып өткен іс-шаралардың есебін жүргіземіз және нәтижелерін талдаймыз. Біз персоналдың ұқыптылығын, процестер мен рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге, белгіленген және келісілген KPI көрсеткіштеріне қол жеткізуге, жобаларды уақытында бастауға және аяқтауға міндеттенеміз.
Өнім жинақтарын қолмен орау
Өнім жинақтарын орау – біздің қызметкерлер тапсырыс берушінің тауарын (мысалы, жарнамалық акцияларға арналған промо жинақтарды) клиентпен келісілген қаптама түріне және клиент белгілеген жинау орнында қолмен жинастыратын қызмет. Біз ANCOR жинастырушыларын жұмысқа қажеттінің барлығымен қамтамасыз етеміз: жарнамалық материалдармен, өнім үлгілерімен, жабдықтармен, сонымен қатар логистикалық мәселелерді шешеміз.