Кадрлық әкімшілендіру аутсорсингі – бұл есеп функциялары саласындағы мамандандырылған провайдердің кадрлар есебінің бөліктерін толық немесе ішінара жүргізуі.
Қызмет құрамы:
-
Кадрлық құжаттарды рәсімдеу: жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату, еңбек ақысын төлеу туралы құжаттар, демалыстарды, еңбекке жарамсыздық парақтарын, іссапарларды рәсімдеу және т.б.
-
Табельдік есепті жүргізу
-
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес құжат айналымын жүргізу
-
Еңбек инспекциясымен және басқа да бақылаушы органдармен коммуникациялар
-
Мемлекеттік еңбек инспекциясымен және жұмыспен қамту қызметімен өзара әрекеттесу
-
Кадрлық есептілікті дайындау және тапсыру
-
Әскери есепке алуды жүргізу, есеп беру және әскери комиссариаттармен өзара әрекеттесу
Қосымша қызметтер:
-
Кадрлық іс жүргізудің экспресс-диагностикасын жүргізу
-
Кешенді, ішінара немесе таңдамалы аудит жүргізу
-
Жетіспейтін кадрлық құжаттарды қалпына келтіру
-
Қазақстан Республикасының заңнамасындағы және кадр саясатындағы өзгерістерге сәйкес жергілікті нормативтік актілерді әзірлеу, түзету.
Қызметтер құны:
Кадрлық әкімшілендіру үшін ай сайынғы абоненттік төлем рәсімделетін құжаттардың санынан, олардың ерекшеліктерінен және әртүрлілігінен қалыптасады
Кадрлық функцияларды аутсорсингке беру қашан өзекті болады?
-
Кадрлық құжат айналымының үлкен көлемін жүргізуге ресурстар жоқ болғанда:
- жиі өзгеретін еңбек жағдайларында
- кадрлардың тұрақтамауы жоғары болғанда
- кадрлар есебін HR бөлімінің қызметкерлері қосымша жүктеме ретінде жүргізген кезде -
Типтік емес кадрлық құжаттарды әзірлеу тәжірибесі мен құзыретінің жетпіспеуі: шетелдік азаматтарды қабылдау, қызметкерлерді арнайы еңбек ақысын төлеу жүйесі бойынша жұмысқа қабылдау, стандартты емес жұмыс кестесі
-
Кадрлық қызмет шығындарын оңтайландыру қажет болғанда
-
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерден хабардар болу үшін ресурстар жоқ болғанда