Құжаттармен жұмыс жасау қызметін басқару – бұл құжат айналымын жүргізу, сақтауды және басып шығаруды ұйымдастыру бойынша кеңселік аутсорсинг қызметтері.
ANCOR компаниялар тобының құрамындағы Office Line бизнес бөлімшесі кеңселік аутсорсинг қызметтерінің кең спектрін, оның ішінде құжаттармен жұмыс жасауқызметін басқаруды ұсынады. Біз клиенттерімізге компаниядағы құжаттарды рәсімдеу, пайдалану, жылжыту және сақтау жүйесіне сараптамалық тәсілді ұсынамыз:
Құжаттарды басып шығару және сканерлеу секторына қызмет көрсету
Құжаттарды мұрағаттау және сақтау секторын басқару
Құжат айналымын ұйымдастыру және жүргізу (Document workflow)
Біз жедел (5 күнге дейінгі мерзімде) тиісті тәжірибесі бар білікті жоба командасын құрамыз. Ең маңызды орындарды анықтай отырып, әкімшілік процеске аудит жүргіземіз, оңтайландыру жолдарын табамыз. Компанияда қолданыстағы құжат айналымы функциясын белгіленген стандарттарға толығымен бейімдейміз, сондай-ақ барлық процестерді нұсқаулықтар мен регламенттерде сипаттаймыз.
Жобаны орындаушылардың үнемі жаңартылып отыратын базасы бізге үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді: қызметкер ауысқан жағдайда жоба менеджері жаңа орындаушыны тапсырмаларға мүмкіндігінше ең қысқа мерзімде кірістіруді өз мойнына алады.
Функция орындалуының сапасын қамтамасыз ету тәлімгерлік, оқыту және KPI-ға жету процестерін де, нәтижелерін де бақылау арқылы қол жеткізіледі.