Жақсы түйіндеменің ерекшеліктері: өзіңізді сынап көріңіз!
Құрылымдық
Түйіндемедегі барлық мәліметтер дәйекті түрде ұсынылуы керек.Талғамдылық
Кәсіби тәжірибеңізді талдап, оның ішінен сіз үміттенетін позицияға сәйкес келетіндерді таңдаңыз. Осы нақты қасиеттерді / дағдыларды / жетістіктерді / тәжірибені сипаттауға баса назар аударыңыз.Объективтілік
Тәжірибе мен дағдыларды сипаттағанда шыншыл және нақты болыңыз. Сіз түйіндемеде айтылғандардың бәрін дәлелдеуге дайын болуыңыз керек.Қысқалық
Түйіндеменің көлемі екі парақтан аспауы керек, сондықтан жұмыс беруші үшін ең маңызды сәттерге екпін жасап, ақпаратты қысқаша ұсыну керек.Нақтылық
Түйіндеме сандарды жақсы көреді! Жазбау керек: мен жаңа білімді тез үйренемін. Жазу керек: 2 апта ішінде жаңа рәсімдерді игердім.Белсенділік
Көп сөздерді және пассивті тұжырымдамаларды қолданбаңыз. Әрекет етістіктерін қолдана отырып, қол жеткізілген нәтижелерді атап өтіңіз. Былай жазбау керек: жобаның орындалуына жауап бердім. Жазу керек: жобаны 1 қыркүйекке орындадым.Позитивтілік
Ақпаратты берген кезде берудің позитивті сипатын таңдаңыз, жетістіктеріңізге назар аудартыңыз. Былай жазбау керек: ... шағымдарды шештім. Жазу керек: ... мәселелерді шешуде клиенттерге белсенді көмектестім.Түйіндемені жазуда және армандағы жұмысты таңдауда сәттілік тілейміз!